Жаңаөзенде кәсіпорында жұмысшы өртеніп кетті (ВИДЕО)

Жаңаөзенде кәсіпорында жұмысшы өртеніп кетті (ВИДЕО)

Жаңаөзенде кәсіпорында жұмысшы өртеніп кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жаңаөзен қаласында «Кезби» ЖШС мұнай сервистік кәсіпорнында өрт шығып, жұмысшы қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 15 маусым күні болды. Әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпорын қызметкерінің жазбасына сүйенсек, қайғылы жағдай еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы, техниканың әбден тозуы салдарынан болған. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 01:51 кезінде сөндірілді. Оқиға орнынан күйіп қалған мәйіт табылған. Өрттің мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына облыстық ТЖД 8 қызметкері мен 2 техникасы барды.