Жаңалықтар

Құрманың ішіне есірткі салып өткізбек болған күдікті ұсталды

ашық дереккөзі

Құрманың ішіне есірткі салып өткізбек болған күдікті ұсталды

Қарағандының  уақытша ұстау изоляторындағы 32 жастағы күдіктіге сәлемдеме әкелген азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Азық-түлік салынған пакетті тексеру кезінде қара түсті бумалар анықталып, құрманың ішінен есірткі табылған. Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр. Сәлемдемені қаланың 28 жастағы тұрғыны берген екен. Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің айтуынша, мекеме аумағына тыйым салынған затты өткізуге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Қазір аталған дерек тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.