Даулы мәселе: Ақтау әкімі сотта жеңіліп, айыппұл төледі

Даулы мәселе: Ақтау әкімі сотта жеңіліп, айыппұл төледі

Даулы мәселе: Ақтау әкімі сотта жеңіліп, айыппұл төледі
ашық дереккөзі
Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай сотта жеңіліп, 153 мың теңге айыппұл төледі деп хабарлады turkystan.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, оның үстінен жеке кәсіпкер шағым түсірген. Ол қала әкімі мен Ақтаудың жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңсыз әрекеті туралы айтқан. Даулы мәселе жер телімін жалға беру мерзімін ұзартуға байланысты шыққан. Құзырлы орган талапкердің өтінішін қанағаттандыру үшін 1 ай ішінде әкімшілікке акт қабылдауды тапсырады. Алайда сол күйі аяқсыз қалады. Кінәлі тарап сот шешімін орындамағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
«Әкімнің іс-әрекетін заңсыз деп тауып, жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған болатын. Сол шешімнің орындалмауына байланысты сот тарапынан ақшалай өндіріп алу туралы процессуалды шара қолданылды. Аталған мәжбүрлеу шарасы әкімшілік айыппұл болып табылмайды»,– деді облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Мұхит Мукашев.
Тағы оқи отырыңыз: Ақтау әкімі африкалықтардың «алғысына» жауап берді