Жаңалықтар

Түркістан облысында үш баланың анасын атып кетті

ашық дереккөзі

Түркістан облысында үш баланың анасын атып кетті

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үш баланың анасын өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz. Сот материалдарына сәйкес, Сауран ауданының Қаражон ауылының тұрғындары – 41 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрған. Алайда некені ресми түрде тіркемеген. Келіншектің бұрынғы күйеуінен үш баласы болған. Үшеуі де өзімен бірге тұрған. Жаңадан қосылған серігі оны бұрынғы күйеуінен қызғанып, жанжал шығарған. Ашуға булыққан ер адам 16-калибрлі мылтығын алып шығып, әйелдің басынан атқан. Үш баланың анасы сол жерде көз жұмды. Айыпталушы тергеу кезінде және сотта сүйіктісін өлтіруге ойы болмағанын қайта-қайта айтқан. Ол мылтықпен тек қорқытамын деп ойлаған. Дегенмен, кәмелет жасқа толмаған үш бала анасыз қалды. Біреуі екі жаста болса, тағы екеуі - 15 және 16 жаста. Соттың үкімімен Қаражон ауылының тұрғыны 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.