Жаңалықтар

Алматыда бір топ адам тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматыда бір топ адам тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Алматыда ауладағы тұрғындарды жабылып ұрған жас жігіттердің видеосы тарады. Олардың бәрі бейнебақылау камераларына түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, бұл оқиға маусымның 12-сінен 13-іне қараған түні Талғар ауданында болған. Бесағаш ауылындағы «Аспан Сити» тұрғын үй кешенінің ауласына бір топ жігіт келген. Алдымен орындықта отырған ер адамды тепкен. Одан кейін үйдің кіреберісіне жетіп қалған екі жігітті соққыға жыққан. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бес адам зардап шеккен. Олардың екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Полицейлер видеоны зерделеп, куәгерлерден жауап алып жатыр. Бұзақыларды іздестіру шаралары басталды, біреуі ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің басшылығы тергеу шараларын жеке бақылауына алды.