Төртінші қабаттан құлаған 3 жасар бала аман қалды

Төртінші қабаттан құлаған 3 жасар бала аман қалды

Төртінші қабаттан құлаған 3 жасар бала аман қалды
ашық дереккөзі
Қызылордада 3 жасар сәби төртінші қабаттан құлап, аман қалды деп хабарлады turkystan.kz қалалық төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап. Облыс орталығындағы «Арай» мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы жақсы. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейінгі жылдарда қалада балалардың көпқабатты тұрғын үй терезесінен құлап кету жағдайы жиі тіркелуде.
«Биыл мұндай 3 жағдай тіркелген. Былтыр 10 бала терезеден құлап, оның екеуі қаза тапты. Осы себепті жаз бойы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді», - деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түймебаев.