Әнші Qanay мен Біржан Хасанғалиев ымыраға келді

Әнші Qanay мен Біржан Хасанғалиев ымыраға келді

Әнші Qanay мен Біржан Хасанғалиев ымыраға келді
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Біржан Хасанғалиев пен Qanay-дың арасындағы мәселе туралы түрлі қауесет тараған еді. Мәселе Qanay лақап атымен танылған әнші Нұрболат Қанайдың «Бозторғайым» әнін орындауына қатысты туындаған болатын. Осы жағдайға қатысты әншінің продюсері пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.
«Бірнеше күн бойы Біржан Хасанғалиев пен біздің арамызда әнді рұқсатсыз орындауға қатысты мәселе тұрды. Келісеміз, біздің тарапымыздан бұл дұрыс болмады. Қалай және неге бұлай болғанын түсіндірмеймін, негізгі әрі жағымды жағын айтайын. Біржан ағаның ашықтығы мен түсінігінің арқасында бәрі ойдағыдай шешілді. Компания, өзімнің, әнші Qanay-дың атынан ресми түрде кешірім сұраймын. Шарттар бойынша анықтап алдық. Біржан аға бізге мол тәжірибесі бар маман ретінде орындауда жіберілген қателіктерді көрсетті. Енді әнді түпнұсқаға сәйкес түзетіп, шығаруды жоспарлап отырмыз. Әндегі кәсіби тұрғыдан барлық түзетуді қуана-қуана танысып, қабылдадық. Түсіністікке қол жеткізгеніміз қатты қуантады», - деді әнші Qanay-дың продюсері Асхат Сабыров.
Бұл жағдайға қатысты Біржан Хасанғалиев те Instagram-парақшасында пікір білдірді.
«Qanay ініммен және оның продюсері Асхатпен өте жақсы кездесулер өткіздік. Жігіттер бәрін түсінді, қателіктерін мойындады, мен оларға ризамын. Ағасы ретінде, Қанай інімнің әншілік өнеріне сәттілік, үлкен биіктерге жетуін тіледім. Талантты жастар өсе берсін, жете берсін. Біз тілекшіміз! Ең бастысы, жуық арада шығатын Ескендір Хасанғалиев жазған Boztorgaiym әнінің тұпнұсқа нұсқасын тыңдармандар тыңдайды. Асыға күтеміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді ол.