Оңалту орталығында тәрбиеші баланы ұрып-соққан

Оңалту орталығында тәрбиеші баланы ұрып-соққан

Оңалту орталығында тәрбиеші баланы ұрып-соққан
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтандағы ерекше балаларға арналған жекеменшік оңалту орталықтарының бірінен шу шықты. Ата-аналар бақылау камерасына түсіп қалған тәрбиешілердің балаларды жұлқылаған сәтін әлеуметтік желіге салып жіберген деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Видеодан қала тұрғыны Жаңыл Ағабекова өзінің 3 жасар баласын танып, ұйым үстінен полицияға арызданыпты. Оның сөзінше, жеке-меншік оңалту орталығында болған оқиғаны кездейсоқ әлеуметтік желілердің бірінен көріп қалған. Оның тілі шықпаған үш жасар ұлы орталыққа төрт ай бойы барыпты. Келіншек соңғы кездері баланың мінезі өзгере бастағанын айтады.
«Соңғы кездері балам оңалту орталығына бармаймын деп жылайтынды шығарды. Видеоны көрген соң, директорға «бұл не деген бассыздық» деп жазып жібердім. Кешірім сұрап жауап қайтарыпты. Мен баламды жұлқылаған тәрбиеші ғана емес, мекеме басшылығы да жазалансын деймін», – дейді Жаңыл Ағабекова.
Екі ата-ананың атынан арыз түскеніне қарамастан, орталық әлі де еш кедергісіз жұмысын жалғастыруда. Ал полиция департаменті арыз бойынша «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуде міндетін орындамады» деген айыппен іс қозғаған. [caption id="attachment_184535" align="alignnone" width="1201"] width= Видеодан скрин[/caption] Қалалық білім басқармасы да орталықтың үсінен арызданыпты.
«Білім басқармасының жеке-меншік ұйымдарды тексеруге құқығы жоқ. Сондықтан, болған жайтты тексерсін деп прокуратураға хат жолдадық», – деп мәлімдеді білім басқармасының мамандары.
Егер тәрбиешінің кінәсі дәлелденсе, оған 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 40 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.