Шымкентте қымбат тон ұрлағандар іздестірілуде (ВИДЕО)

Шымкентте қымбат тон ұрлағандар іздестірілуде (ВИДЕО)

Шымкентте қымбат тон ұрлағандар іздестірілуде (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шымкентте құны миллион теңгеге жуық тұратын италиялық тонды ұрлап кеткен деп хабарлады turkystan.kz. Сатушы ұрлық сәтін байқамағанымен, заттың жоғалғанын көріп, полицияға хабарласқан. Олардың ұрлық жасаған әрекеттері бейнебақылау камераларына түскен. Ондағы көрініс бойынша бейтаныс біреу тонды етегінің астына жасырып тығып, оны барынша байқатпай ұрлауға тырысқан. Ұры жалғыз емес. Оның қылмыстық бизнестегі құрбысы ұрыны барынша жауып тұр. Үшінші әйел сатушының назарын аударып, киінуге көмектесуін сұраған. Ұрлықшылардың жүздері анық көрінеді. Видео істі тергеп жатқан Шымкент полицейлерінің басты айғақтарына айналды.