Көкшетаулық азаматты 1 тонна кен салынған қап басып қалды (ВИДЕО)

Көкшетаулық азаматты 1 тонна кен салынған қап басып қалды (ВИДЕО)

Көкшетаулық азаматты 1 тонна кен салынған қап басып қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Көкшетаудағы «Алтынтау» кенішінде 48 жастағы жұмысшыны салмағы бір тоннадай кен салынған қап басып, қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Жұмысшы кен өңдейтін қоспалар салынған алып қаптарды жылжымалы кранмен бір өзі тасымалдап, арнайы орынға жеткізіп тұрған. 19-шы қап келіп жеткенде кенеттен төменге қарай құлдилап, пультте отырған жұмысшыны жаншып тастаған. Жылжымалы техниканың кілт тоқтап қалғанын байқап, дереу жеткен жұмысшылар қызметкердің мәйітін ғана алып шықты. Жауапты өкілдің айтуынша, қаптың қалай құлап кеткені белгісіз. Оқиғаға қатысты арнайы сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілетін болды.
«Қазір еңбек инспекторлары мен өндірістегі қауіпсіздік өкілдері тексерісті бастады. Кен салынған қаптың қалай құлап кеткенін әзірге айта алмаймыз. Сараптама тағайындалып, жылжымалы техниканың жағдайы да тексеріледі», - деді Ақмола облысы Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбек Баймусинов.