Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті
ашық дереккөзі
14 маусым, яғни бүгін Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Жиын кезінде үш қаулы қабылданып, Мәжіліске жіберілді. Бірінші қаулыда: «11 маусымдағы № 921 Жарлығының қабылдануына байланысты Парламент Сенатының депутаты Бейбіт Исабаевтың өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін» деп жазылған. Екінші, №914 Жарлыққа сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігін тоқтатып, бұл ұсынымды Парламент Мәжілісіне енгізу туралы қаулы қабылдады. Үшінші қабылданған қаулыда да Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы айтылған.