«500 тонна қант»: Алматы тұрғындарының сұранысы артуда
«500 тонна қант»: Алматы тұрғындарының сұранысы артуда
Алматы қаласының қоймасына қанша көлемде қант келетіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
Жергілікті тұрғындардың қантқа деген қажеттілігі – 3,3 мың тонна. Логистика бойынша, қоймаларға шамамен 5 мың тонна қант түседі екен. Бұл туралы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Омаров айтты. Оның сөзінше, Алматы қаласына күн сайын 300-500 тонна қант жеткізіледі.
Қазір Алматы тұрғындары арасында жидектер мен жемістерді қайнату маусымына байланысты қантқа деген сұраныс артқан. Оны қамтамасыз ету үшін Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қант жеткізу көлемін ұлғайтты, бұрын күніне 250 тонна жеткізілетін. Ірі сауда желілері үшін құмшекердің көтерме бағасы келісіне 420-430 теңге, ол 445 теңгеден сатылады, – деді Ерлан Омаров.
Осы жылдың қыркүйек айында Ақсу қант зауыты іске қосылады деп күтіліп отыр. Соның нәтижесінде Алматыға 10 мың тоннаға жуық қант жеткізу жоспарланыпты. Бүгінде Алматы қаласының сауда нысандары мен өндірістік кәсіпорындарының қоймаларындағы қант қоры шамамен 11 мың тоннаны құрайды. Қалаға жеткізу уақтылы жүзеге асырылады, ҚТЖ вагондарын беру кідіріссіз жүргізіліп жатыр екен.