Жаңалықтар

Қазақстандықтар Мальдив аралдарына визасыз бара алады

ашық дереккөзі

Қазақстандықтар Мальдив аралдарына визасыз бара алады

Қазақстандықтар енді Мальдив Республикасына визасыз бара алады. Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты деп хабарлады turkystan.kz. «Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Мальдив Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде визалық талаптар сұралмайды. 30 күн ішінде аталған елден кету мүмкіндігі болмаған азаматтар Мальдив Республикасының құзыретті органдарынан мерзімді ұзарту туралы рұқсат алуы тиіс», – делінген қаулыда. Ал Мальдив Республикасына қызмет бабымен баратын азаматтардан виза талап етіледі.