Түймебаев оңтүстіктің зиялыларына жарты миллионнан сыйақы берді
Түймебаев оңтүстіктің зиялыларына жарты миллионнан сыйақы берді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында мәдениет саласында еңбек етіп жүрген танымал тұлғаларды назардан шығармай, мәрттік танытып, қаржылай сыйлық табыс етті деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.
Шымкенттегі «Оңтүстік Цирк» ғимаратында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай қолға алынған 25 жұлдызды күндер акциясы аясында «Мәдениет және руханият» күні атап өтілді. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша жамағатты мерекемен құттықтады.
«Еліміздің өркендеуінде оңтүстікқазақстандықтардың алар орны айрықша. Оған ешкімнің де дауы болмауы керек. Ал өңірімізде нақты мәселелерге назар аударылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр деп анық айта аламыз. Жылдан жылға халқымыздың әлеуеті артып, облыс экономикасы қарыштап дамып келеді. Осынау толайым табыстар мен нәтижелі жетістіктерімізде мәдениет және руханият саласында еңбек етіп жүрген Сіздердің де үлестеріңіз мол деп білемін. Еңбек – еленуі тиіс! Осы мақсатта мәдениет пен руханият саласына еңбегі сіңген азаматтарға арнайы сыйлық тағайындап отырмын. Бұл сыйлық жыл сайын мәдениет қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында табысталатын болады», - деді аймақ басшысы.