Қарағанды облысында ірі қара мал қырылып жатыр

Қарағанды облысында ірі қара мал қырылып жатыр

Қарағанды облысында ірі қара мал қырылып жатыр
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының Ветеринария басқармасының мәліметінше, Қарағанды облысында 260 ірі қара мал белгісіз ауруға шалдығып, 82 бас қырылып қалған деп хабарлады turkystan.kz.
«3-10 маусым аралығында Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара мал (ІҚМ) арасында инфекциялық сипаттағы ауру белгілері байқалды. Барлығы 260 бас ауырып, 82 бас өлген (сиырлар – тоғыз бас, құнажындар – 11 бас және екі-үш айлық бұзаулар – 62 бас). Өлекселер инсинератормен өртеу арқылы жойылды. Жою жұмыстары ауылдық округке тиесілі ескі мал қорымы аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, аудандық ветеринариялық станция мамандарының қатысуымен жүргізілді», — деп хабарлады ведомство.
Шенеуніктердің айтуынша, ветеринарлық мамандар ауру малға симптоматикалық ем жүргізіп жатыр.
«Ауылдық округ бойынша барлығы 2 569 бас ірі қара мал бар. Ақшоқы ауылдық округының кіреберісінде Комаров дезинфекциялық қондырғысы бар бекет орнатылған. Диагноз қою мақсатында сынамалар алынып, ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалына жеткізілді», — деп толықтырды облыстық Ветеринариялық басқармада.