Азық-түлік бағасы қанша пайызға қымбаттады?

Азық-түлік бағасы қанша пайызға қымбаттады?

Азық-түлік бағасы қанша пайызға қымбаттады?
ашық дереккөзі
Адамның қалыпты өмір сүруіне күнделікті тұтынатын қарапайым тұрмыстық тауарлар ауадай қажет. Оның ішінде азық-түліктің рөлі басым екені айтпаса да түсінікті. Тауар құны шарықтаса, тұрмыстың құты қашары анық. Өкінішке қарай, бүгінде әлеуметтік маңызы бар өнім бағасының өсуі қалыпты жағдайға айналды. Осы ретте turkystan.kz сайты жыл басынан бері азық-түлік бағасы қанша пайызға өскеніне қысқаша зерттеу жүргізіп көрді. Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сүйенсек, азық-түлік нарығында бағаның айтарлықтай өсуі байқалады. Әлеумттік маңызы бар өнімдердің бағасы өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 17,9%-ға өсті.  width= Биыл мамыр айының басынан бері азық-түлік құны 0,7%-ға қымбаттаған. Ал 5 айда 16,3%-ға өскен.  width= Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты – тұздалмаған сары май, сиыр еті және сүзбе. Еліміз бойынша орташа баға /2022 жылғы 7 маусымға: - Сары май – 3 177 тг/кг - Сиыр еті – 2 169 тг/кг - Сүзбе – 1 667тг/кг Тауарлар бағасы жалақы, зейнетақы және төменгі күнкөріс деңгейімен қатар өсуде.  2022 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық номиналды жалақы 285,4 мың теңге болды. Бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,8 мың теңгеге көп. Демек, жан басына шаққандағы табыс тұрақты өскендіктен, соған сәйкес, есептер жүргізіліп, баға тағайындалады. Статистикаға сүйенсек, халық табысының 60%-ға жуығын тек азық-түлікке жұмсап отыр. Әсіресе, оңтүстік пен батыс өңірлерде жағдай күрделі, айлық шайлықтан аспайды-мыс. Мәселен, Еуропа халқы 20-25%-ды ғана ішіп-жемге жұмсайды. Ведомство мәліметінше, азық-түлік бағасы бойынша ең жоғары қымбаттау Маңғыстау облысында (21%) тіркелген. Айта кетсек, азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланады.  width=