Шымкентте алкоголь өнімін жасайтын астыртын цехты әшкереледі
Шымкентте алкоголь өнімін жасайтын астыртын цехты әшкереледі
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған есепке алу-бақылау маркасын пайдалана отырып, контрафакт алкоголь өнімін жасайтын астыртын цехты әшкереледі деп хабарлады turkystan.kz.
Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық «Родная степь», «Русская на бруньках», «Тау эксклюзив» контрафактілік алкогольдік өнімдер табылған.
Сонымен қатар 1 000 литр алкоголь, алкоголь өндіруге арналған аппарат, контрафакт есепке алу-бақылау маркалары және 20 мыңнан астам бос бөтелке табылып, тәркіленді.
Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды.