«58 млрд теңге игерілмей қалған» – Қаржы министрі

«58 млрд теңге игерілмей қалған» – Қаржы министрі

«58 млрд теңге игерілмей қалған» – Қаржы министрі
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері жалпы бюджеттің 65 млрд теңгесі атқарылмай қалған. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты деп хабарлады turkystan.kz. Бүгінгі Үкіметтің отырысында:
«Жыл басынан бері мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,1 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 6,9 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Сонымен бірге, бюджеттің 65 млрд теңгесі атқарылмаған, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемделген, ал 58 млрд теңге игерілмей қалған», - деді министр. 
Нақты игерілмей қалған сомалар төтенше жағдайлар, ішкі істер, денсаулық сақтау, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде байқалды. Оның негізгі себептері: конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, төлеуге берілетін шоттардың кеш ұсынылуы.
 «Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 933 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2%-і игерілген. 17 млрд теңге атқарылмай қалды, оның ішінде 4 млрд теңге үнемделсе, 13 млрд теңгесі игерілмеген», - деді Е. Жамаубаев. 
Ең көп игерілмеген сома Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстарында байқалады. Бұған дейін Қаржы министрі мемлекеттік бюджетке 6 трлн 554 млрд теңге кіріс түскенін, бюджет кірістері жоспардан 41 млрд теңгеге асыра орындалғанын айтқан еді.