Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды
ашық дереккөзі
14 маусымда мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болды деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің ақпарат басқармасының мәліметінше, сағат 6.50-7.00 шамасында Баткен облысы Баткен ауданына қарасты Бұлақ-Башы ауданында «Кех» шекара бекетінен (Тәжікстан) Бұлақ-Башы шекара бекетіне (Қырғызстан) қарай оқ атылған. Бұған жауап ретінде қырғыз тарапы тәжік бекетіне қарай оқ атқан.
«Екі тараптың шекарашылары дереу соғыс қимылына дайындалды. Қырғыз Республикасының Баткен облысы бойынша шекара өкілі мен Тәжікстан Республикасының Соғды облысы бойынша шекара өкілі телефон арқылы сөйлесті. Шекара отрядтарының басшылары оқиға орнына аттанды», - делінген хабарламада.
Қырғызстан ҰҚМК ШҚ мәліметінше, сағат 7.50-де тәжік тарапы гранатомет пен минометтерден тағы да оқ ата бастаған. Сағат 8:10-да атыс тоқтатылды. Атыс себебін анықтау және жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тараптардың шекара өкілдерінің кездесуі өтіп жатыр. 08:40-тағы жағдай бойынша шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде жағдай шиеленісіп тұр.