Жаңалықтар

Ақтауда үш жасар баласын ұрып өлтірген әйел сотталды

ашық дереккөзі

Ақтауда үш жасар баласын ұрып өлтірген әйел сотталды

Ақтауда кішкентай қызын ұрып өлтірген 20 жастағы әйел сегіз жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. «Қалалық соттың 10 маусымдағы үкімімен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған сотталушы И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды», - деп хабарлады Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі. Әйел 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. «Әйел қызын ұрып-соғып, итеріп жіберген, соның салдарынан қыз үстелдің бұрышына соғылған. Содан кейін әйел жұдырығымен баланың ішінен бірнеше рет соққы жасаған. Содан анасы үйден шығып кеткен, ал сәби екі жарым сағаттан кейін алған жарақатынан қайтыс болды», - делінген хабарламада. Әйел «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотталды.