Жаңалықтар

Павлодарда Қытай азаматы суға батып кетті

ашық дереккөзі

Павлодарда Қытай азаматы суға батып кетті

Ертісте шомылған Қытай азаматы суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Павлодар қалалық ТЖ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тілекжан Галлямовтың айтуынша, қайғылы жағдай орталық жағажайда болған. «24 жастағы суға батып кеткен жігіт Қытай азаматы. 11 маусымда сағат 19:28-де ТЖД пультіне жігіттің суға батып кеткенін және оның денесі табылмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Қазір онда он сүңгуір іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Олар Ертіс өзенінің шамамен үш шақырымын тексерді. Бірақ әзірге нәтиже жоқ», – деді Тілекжан Галлямов. Суға кеткен азаматтың есімі - Жарқын Ақжол. 1998 жылы дүниеге келген. 24 жастағы жігіт жағалаудан 25-30 метр қашықтықта тереңдігі 3 метр болатын жерге шомылған.