Жаңа облыстардың әкімшілік ғимараттарына 12 млрд теңге жұмсалады

Жаңа облыстардың әкімшілік ғимараттарына 12 млрд теңге жұмсалады

Жаңа облыстардың әкімшілік ғимараттарына 12 млрд теңге жұмсалады
ашық дереккөзі
Қазақстанның жаңа облыстарындағы әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жөндеуге және жалға алуға 12 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгінде жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жөндеу, жалға беру үшін қажетті бюджет қаражатының алдын ала көлемін анықтады. Алдын ала жалпы қажеттілік шамамен 12 миллиард теңгені құрайды», - деді Қуантыров ОКҚ баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ бюджет қаражатын бөлу мәселесі Қазақстанның бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралатынын айтты. 8 маусымда Қазақстан Президентінің елдің жаңа өңірлерін құру туралы Жарлығы күшіне енді. Еске салсақ, Ұлытау облысының әкімі болып Берік Әбдіғалиұлы тағайындалды. Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болды. Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды.