Семейлік 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Семейлік 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Семейлік 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті
ашық дереккөзі
Семей қаласында 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 11 маусым күні Ертіс өзенінің Восточный кентінің тұсында болған.
«15 жастағы жасөспірім достарымен бірге рұқсат етілмеген жерде шомылған. Ағыны қатты өзенге сүңгіп кеткен ол қайта шыға алмады. Достары оны құтқаруға тырысқанымен еш нәтиже шықпаған. Көп ұзамай, оқиға орнына сүңгуірлер келіп жетті. Алайда әлі күнге дейін марқұмның денесі табылмай жатыр», - делінген ақпаратта.
Құтқарушылар өңір жұртшылығына шомылуға тыйым салынған учаскелерге бармауға шақырады.