Өзбек билігі кальянға тыйым салады

Өзбек билігі кальянға тыйым салады

Өзбек билігі кальянға тыйым салады
ашық дереккөзі
Өзбек билігі елдегі кафелер, мейрамханалар мен қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды көздейтін ауқымды науқан бастады.
12 желтоқсанда мемлекеттік телеарнада кальян шегу туралы сюжет көрсетілді. Онда кальян шегу - өзбек дәстүріне жат, сырттан келген әдет ретінде сипатталды. Сюжетте кальян шегуге тыйым салу керектігі, оның жастардың санасын улайтындығы туралы айтылды. Бұған дейін өзбек билігі елдегі ірі газеттерде кальянның зияндығы туралы көлемді мақалалар жариялаған еді. Осы уақытқа дейін өзбек кафелері мен мейрамханаларында кальянды ешқандай кедергісіз шегуге болатын. Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі 2016 жылы наурызда қоғамдық орындарда алкоголь және темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салды. Енді кальянға да осындай шектеу енгізілетін секілді. Өзбек шенеуніктері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасына сүйенеді. Онда кальян шегу темекі шегуден жүз есе зиянды екені айтылған.