Ел құрамасы Словакияны 2:1 есебімен ұтты

Ел құрамасы Словакияны 2:1 есебімен ұтты

Ел құрамасы Словакияны 2:1 есебімен ұтты
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-турында елордадағы «Астана Арена» стадионында Словакия құрамасын қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Осылайша ел құрамасы қарсы команданы екі матчта қатарынан жеңіп, 10 ұпаймен өз тобында көш бастап тұр. Топтық кезеңнің төртінші кездесуі 2:1 есебімен аяқталды. Матчтың 18-минутында Ян Вороговский есеп ашса, 39-минутта Эльхан Астанов есеп айырмасын еселей түсті. 51-минутта Матус Беро гол соқты. Кездесудің 87-минутында қонақтар сапынан Ондрей Дуда алаңнан шеттетілді. Өйткені ол бір минут ішінде екі рет ереже бұзып, қызыл қағаз алған болатын. Нәтижесінде отандастарымыз топ фавориттерін екінші рет ұтты. Айта кетейік, Трнавада құрамамыз минималды есеппен (1:0) жеңіске жетті. Енді турнир қыркүйекте жалғасын табады. Футболшыларымыз 22-сі күні Нұр-Сұлтанда Беларусь командасын қабылдаса, 25-і күні сыртта Әзербайжанмен бақ сынасады.