«500 млн теңге жымқырған»: елордада қылмыстық топ сотталды
                        
                                    Мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірген қылмыстық топқа сот үкім шығарды деп хабарлады 
turkystan.kz.
Елордалық департамент 2020-2021 жылдар аралығында экономикалық ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.
«Сотталушы Виталий Хан басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату үшін бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Олардың әрекетінен мемлекетке аса ірі көлемде, яғни, 490 миллионнан аса теңгеге зиян келген», - делінген хабарламада.