Сарапшылар AMANAT партиясындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді

Сарапшылар AMANAT партиясындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді

Сарапшылар AMANAT партиясындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі

Танымал қазақстандық саяси сарапшылардың AMANAT партиясындағы өзгерістерге қатысты пікірлерін ұсынамыз:

«Еуразия әлемі» қоғамдық қорының президенті Эдуард Полетаев AMANAT жаңаша ойлаудың үлгісін көрсетті деген пікір білдіреді. Атап айтсақ, партияның референдум бойынша жұмысы саяси бірлестікті жұмылдырып, бірлігі мен беріктігі сыналғанын алға тартады.

«Партия тәуекелден тайсалмай, саяси қызметі шеңберінде ел азаматтарымен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Осы тұрғыдан референдум партия үшін маңызды кейс болды. AMANAT референдумға дейін және одан кейінгі кезеңде шынайылық пен ашықтықты ұстанды. Үгіт-насихат барысында ескі құралдардан бас тартып, жұмысқа жаңаша тың көзқарас әкелді. Жиындарда партия басшылығы ашық саясат бағытын ұстанды, бұл халықпен тығыз байланыс орнатуға өз көмегін тигізді. Қазақстанның кез келген азаматы өз идеяларын ұсынған болатын, аталған бастамалар жазылып, бір жерге жинақталды. Біз көптеген істің сапалы атқарылғанын мойындауымыз керек. Қалай болғанда да, әлеуметтік желі қолданушыларының дәстүрлі пессимистік пікірлерінің арасында да партия жұмысына қатысты сын байқалмайды», - деп атап өтті Эдуард Полетаев.

Бұл пікірмен «Кто есть кто в Казахстане?» ақпараттық-баспа жобасының авторы Данияр Әшімбаев да келіседі. Ол референдум аясындағы түсіндіру жұмыстарына барлық партия қатысқанын, алайда негізгі салмақ аманаттықтарға түскенін айтады.

«Референдум аясында AMANAT партиясы Ата Заңға енгізілген өзгерістерді ғана көрсетіп қана қоймай, депутаттарын, өз жұмысының қорытындысын ұсынып, үлкен жұмыс атқарды. Науқан барысына «Әлеумет» аналитикалық жобасы, TALQYLAU сараптамалық пікірталас алаңы жұмылдырылды, қоғамдық қабылдаулар желісі жандандырылды, оның ішінде халықпен жұмыс істеу және түзетулерді түсіндіруге заңгерлер тартылды. Партия қойылған міндетті орындап, алдағы парламенттік сайлауға дайын екенін көрсетті», - деп есептейді Данияр Әшімбаев.

«Альтернатива» зерттеу орталығының директоры Андрей Чеботаревтің айтуынша, партия Парламенттің төменгі палатасы мен барлық деңгейдегі мәслихаттарда көпшілік дауысқа ие болғандықтан, AMANAT-қа кадр саясатының да, атқарушы органдар жұмысының да сапасы үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ол референдумға дайындық барысында партияның заман ағымына ілесе отырып, халықпен байланыс стилі мен әдіс-тәсілін өзгерткенін атап өтті.

«...Парламент Мәжілісіндегі Amanat партиясының депутаттық фракциясы «кадрлар ұстаханасына» айналғандай. Кеше екі мәжілісмен Саясат Нұрбек пен Берік Әбдіғалиұлы Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Осылайша, ел басшылығының саяси жүйені реформалаудағы қызметі мен әсіресе, партиялық ортада азаматтық белсенділікті арттыру, бір-біріне өзара ықпал ете отырып, қатар жүзеге асырылуда. Осының барлығы салыстырмалы түрде жақсы нәтиже береді деп сенейік», - деп атап өтті саясаттанушы өзінің Facebook парақшасында.

Оның сөзімен белгілі саяси шолушы Никита Шаталов та келіседі. Оның айтуынша, Аmanat үшін бұл сынақ болды, Орталық аппарат қайта жаңғырып, партияның әкімшілік ресурсы «кеткеннен» кейін, реформалар мен транзит аяқталғаннан соң оның қаншалықты функционалды институт екенін көрсету қажет болды.

«Партия жаңа жағдайға да тез бейімделді. Аймақтық үгіт-насихат жұмыстарына баса назар аударудың нәтижесінде сайлаушылар жоғары белсенділік танытты. Дәстүрлі түрде өтіп келген үгіт-насихат жұмыстарынан бас тартуға шешім қабылданған соң негізгі жүк халықпен тікелей кездесіп, оларға не үшін (немесе не үшін қарсы) дауыс беру керек екенін түсіндірген штаб мүшелеріне жүктелді. Менің ойымша, мұндай тікелей кездесулер әлеуметтік желідегі науқанға қарағанда дұрыс болды. Өйткені Конституциялық реформаның мазмұнын соңына дейін қаралмайтын 5-10 минуттық ролик арқылы жеткізу мүмкін емес»,- деп жазды ол өзінің «Шаталканал» арнасында.

Белгілі сарапшы Марат Шибұтов үгіт-насихат жұмыстарында «мәжбүрлеудің» жоқтығын атап өтті:

« ... азаматтармен кездесулерге ерекше мән беріліп, оны Amanat партиясының өкілдері өткізді. Бұл референдумға үгіт-насихат қана емес, сонымен бірге сайлаушылармен жүргізілген жұмыс. Олар референдумды ғана емес, сондай-ақ халықтың жағдайын, қаласында және жұмысында, жалпы тұрмысында не болып жатқанын талқылайды. Менің тәжірибемде, азаматтарға билік өкілдерімен қарапайым ашық әңгіме жетіспейді және ондай мүмкіндік берілген кезде жұртшылық соны пайдаланып қалады. Әсіресе, елді мекендерде осындай кездесулерге мұқтаж адамдар көп»

Белгілі блогер Ғалым Байтоқ аманаттықтардың барлық кездесуі қарапайым халықтың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту аясында өткенін атап өтті. Басқа партиялардың әдеттегі кездесулері мен жиналыстарына қарағанда, аманаттықтардың үй ауласында халықпен өткізген кездесулері жаңашылдық болды.

«Партияның күнделікті қызметі бір сәтке де тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, сайлауалды бағдарлама, мобильді қоғамдық қабылдаулар шалғай ауылдарды аралап, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі іске қосылды және тағы сол сияқты бірқатар жұмыстар атқарылды. Жалпы белсенділікті арттыруы түсінікті – осындай сәтті пайдаланып саяси ұпай жинау керек. Қысқасы, трансформация қызу жүріп жатыр», - деді ол.

Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімовпартияның мобильді қоғамдық қабылдаулары аясында жүргізген Конституцияға түзетулер бойынша түсіндіру жұмысын оң бағалады. Ал Қазақстандық қоғамдық даму институтының басшысы Қазбек Майгелдинов партия Республикалық штаб жұмысын ұйымдастыру бойынша ерекше белсенділік танытты деп есептейді.

«Бір жағынан, бұл – трансформация кезеңінде партия үшін ерекше сынақ, екінші жағынан, сайлау процесіне дайындығын көрсету үшін жақсы емтихан болды. 218 партиялық штаб барлық облысты, республикалық маңызы бар қалалар мен аудандарды аралады», - деді Қ. Майгелдинов

Саяси шолушы, Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының негізін қалаушылардың бірі Жанна Тулиндинова Amanat үгіт-насихат жұмысының жүйелілігіне және әрбір елді мекенді қамтуға тырысқан барлық деңгейдегі депутаттық корпустың нақты үйлестірілуіне назар аударды.

«Мен партияның бірнеше іс-шарасына қатыстым. Солардың бірі – TALQYLAU диалог алаңы. Осы алаң арқылы Amanat партиясы ашық пікірталастың жаңа форматын ұсынды. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған ауқымды Open Air таңғалдырды. Референдум қарсаңында өткізілген бұл іс-шара күш-жігер беріп, жігерлендірді. Жалпы, Amanat ребрендингпен бірге «жасарып», жұмыс стилін жаңартқанын атап өткім келеді. Динамика, шынайылық және жеделділік пайда болды»,- деп атап өтті сарапшы.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Жұлдызай Ысқақованың пікірінше, Amanat партиясының референдумды қолдау жөніндегі үгіт науқаны болып жатқан өзгерістердің индикаторларының біріне айналды.

«Өңірлердегі кездесулерге көп нәрсе байланысты. Адамдарды жаңа реформаларға сенуге және «иә» деп дауыс беруге сендіру керек болды. Мұнда бұрынғы әкімшілік және формальды әдістер іске аспайтын еді. Аманаттықтар жақсы жұмыс атқарды. Кеше штабтар жұмысының қорытындысы шығарылып, партия мүшелеріне алғыс айтылды. Екі күн бұрын Президент Қ.Тоқаев қазақстандықтарға арналған үндеуінде партияларға айрықша назар аудармай-ақ, бірақ мүлдем назардан тыс қалдырмай: «Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіруге қатысқан азаматтар мен көптеген қоғамдық ұйымдарға алғысымды білдіргім келеді», - деді. Жалпы, партияның ребрендингі бойынша жақсы жұмыс жүргізілді. Партияның орталық аппараты деңгейінде бұрынғы Nur Otan-нан қалғаны көп емес», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, жалпы республикалық референдумның қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 77,18%-ы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдады. Президент белгілеген қоғамдық-саяси реформалар бағыты қазақстандықтардың шынайы және шынайы қызығушылығын тудырды.