Жаңалықтар

Елордада жұмыс берушісін тонаған бала күтуші ұсталды

ашық дереккөзі

Елордада жұмыс берушісін тонаған бала күтуші ұсталды

Полицейлер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұрлық жасаған 39 жастағы күдіктіні ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. «Күдікті екі ай бойы арызданушылардың отбасында күтуші болып жұмыс істеген. Ол өз міндеттерін атқарып жүріп, жатын бөлмедегі шкафтан алтын бұйымның жиынтығын көрген. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, күтуші жалпы құны 700 мың теңге тұратын неке сақинасын, балаларға арналған алтын алқаны, кулонды және әйелдерге арналған үш алтын алқаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген», - делінген хабарламада. Аталған дерекке байланысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады.