Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Елордада көпқабатты тұрғын үйде 5-қабаттағы пәтердің балконы өртенді деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін кешкі бес шамасында Мұстафин көшесі, 13/1 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.
«Өрт сөндірушілер келген кезде 10 шаршы метр аумақта 5-қабаттағы балкон жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ өрттен 6 мен 7-ші қабаттардағы балкондарға зақым келді», - делінген хабарламада.
Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамының 22 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)