Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Елордада көпқабатты тұрғын үйде 5-қабаттағы пәтердің балконы өртенді деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін кешкі бес шамасында Мұстафин көшесі, 13/1 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. «Өрт сөндірушілер келген кезде 10 шаршы метр аумақта 5-қабаттағы балкон жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ өрттен 6 мен 7-ші қабаттардағы балкондарға зақым келді», - делінген хабарламада. Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамының 22 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.