Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына салтанатты жиын өтті

ашық дереккөзі

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына салтанатты жиын өтті

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Алдымен шара өтіп жатқан Тәуелсіздік сарайына еліміздің мемлекеттік рәміздері енгізіліп, әнұранымыз орындалды. Осыдан кейін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, бүгінгі салтанатты жиынға мемлкеттіміздің дамуына, Тәуелсіздіміздің нығаюына зор үлес қосқан елеулі азаматтар еліміздің түпкір-түпкірінен келіп отырғандығын атап өтті. Ал Елбасы Н.Назарбаев: «Барша қазақстандықтарға,  ТВ алдында отырған отандастарға, мереке күндері де жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге, демалыссыз, тынбай еңбек ететін өнедіріс ошақтарының жұмыскерлеріне,  фермерлер мен ұстаздарға,  дәрігерлерге, ғалымдарға, кәсіпкерлер мен  әскери қызметкерлерге, өнер иелеріне, жастарға елдің гүлденуі жолында еңбек еткендері үшін алғыс білдіремін.  Реформаның құндылығын арттырған тынбай еңбек еткен  тұрғындар болып табылады. Біздің экономикамыздың дамуы көптеген сарапшылардың таңдайын қақтырды.  Тәуелсіздік жылдары  экономикамыз 20 есеге өсті.  25 жылдың  17 жылында ол тынымсыз өсуде», – деді. Елбасы  ең күрделі кездің өзінде отандастардың қолдауы күш-жігер бергенін айтып өтті. «1991 жылдың  10 желтоқсанында, яғни  25 жыл бұрын  мен Президент лауазымына келдім. Халқым үшін кез келген сынаққа төтеп беруге дайын болдым. 25 жыл өткен соң  Тәуелсіздігіміздің  мерейтойында  осы сөздерді қайталағым келеді.  Мен үшін Қазақстан халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ», – деді Н.Назарбаев.