Оралда жалған ақша сатқан азамат сотталды

13 маусым, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Оралда жалған ақша сатқан азамат сотталды Орал қалалық сотында жалған ақша сатумен айналысқан Константин Коваленкоға қатысты үкім шықты деп хабарлады turkystan.kz. Аталған азамат ҚР ҚК 231-бабы 2-бөлігі (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) және 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес айыпты деп танылған. 5 жылға сотталған Коваленко жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
«К.Коваленко жалған жеті 100 АҚШ долларын сатқан. Сондай-ақ Л. деген әйелдің алтын алқасын алдау жолымен сатып алып, оған 220 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген», - деп хабарлады БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер.
Үкім заңды күшіне енді.