Елизавета ханшайым Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Елизавета ханшайым Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Елизавета ханшайым Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
ашық дереккөзі
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Ханшайымы II Елизавета Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. Құттықтау мәтіні Қазақстан Республикасындағы британ Елшілігінің Фейсбуктағы парақшасында жарияланды. Аса Мәртебелі Ханшайым II Елизаветаның Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдауында: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетін жылы осы маңызды мерекемен құттықтап, жылы лебіз білдіру мен үшін ерекше мәртебе. Сізге, Қазақстан халқына алдағы жыл тек табыстар әкелсін деген ізгі тілегімді қабыл алыңыз», – делінген.