Елордада синхронды жүзуден жарыс өтті

Елордада синхронды жүзуден жарыс өтті

Елордада синхронды жүзуден жарыс өтті
ашық дереккөзі
Елордада 11-12 маусымда Barys Arena Pool олимпиадалық бассейнінің базасында 7-12 жастағы балалар арасында синхронды жүзуден Ашық кубогы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 80-нен астам спортшылар екі күн бойы бақтарын сынады. Шараның салтанатты ашылу  рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жылқыбаев Самат Сәбитұлы және «Mtex Management» ЖШС  бас директордың бірінші орынбасары – коммерция жөніндегі бас директордың орынбасары Нүркенов Шыңғысхан Палуанұлы қатысып, жас жеткіншектерге сәттілік тіледі. Елордалық командамен қатар жарысқа Алматы, Талдықорған, Қарағанды және Теміртау қалаларынан келген жүзушілер бағдарламаның 4 түрінен (дуэт, жекелей, микс-дуэт, топтық) сыңға түсті. Аталмыш жарыстың басты мақсаты – үздік спортшыларды анықтау, әр өңірде әртістік жүзу спортын дамыту және саламатты өмір салтын насихаттау. Жарыс қорытындысы бойынша еркін топтық бағдарламаның екі санаты бойынша жеңімпаз командалар анықталып марапатталды. «А» санаты бойынша Талдықорған қаласымен  «В» санатындағы Нұр-Сұлтан қаласының топтық жүзушілері бірінші орынды иеленді Дуэт бағдарламасы бойынша Алматы, Қарағанды және Талдықорған қалаларынан  келген  командалар жеңімпаз атанды. Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласының Ашық кубогы балалар жылына арналып өткізілді.