Грузияға 36 мың доллар алып кетпек болған азамат ұсталды (ВИДЕО)

Грузияға 36 мың доллар алып кетпек болған азамат ұсталды (ВИДЕО)

Грузияға 36 мың доллар алып кетпек болған азамат ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
 «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлері кеше Шымкент-Кутаиси халықаралық әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізді. Нәтижесінде 36 000 АҚШ долларын (15 905 240 теңге) құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған Қазақстан азаматын анықтап, тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz Бұл жайында Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Азамат ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалған.
«Аталған факті бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін істің материалдары жолданды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Еске салсақ, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Ұлттық банк белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын немесе шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салған.