Жаңалықтар

Грузияға 36 мың доллар алып кетпек болған азамат ұсталды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Грузияға 36 мың доллар алып кетпек болған азамат ұсталды (ВИДЕО)

 «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлері кеше Шымкент-Кутаиси халықаралық әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізді. Нәтижесінде 36 000 АҚШ долларын (15 905 240 теңге) құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған Қазақстан азаматын анықтап, тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz Бұл жайында Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Азамат ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалған. «Аталған факті бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін істің материалдары жолданды», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Еске салсақ, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Ұлттық банк белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын немесе шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салған.