«Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ басқармасына жаңа ректор тағайындалды. ҚазҰМУ-ды бұдан былай Марат Едігеұлы Шоранов басқарады. Бұйрық 2022 жылдың 13 маусымында жарияланды», - делінген хабарламада.Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген. 2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2017-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы. 2019 жылы - Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды
ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Марат Шоранов Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры қызметіне тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.