ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды
ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Марат Шоранов Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры қызметіне тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
«Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ басқармасына жаңа ректор тағайындалды. ҚазҰМУ-ды бұдан былай Марат Едігеұлы Шоранов басқарады. Бұйрық 2022 жылдың 13 маусымында жарияланды», - делінген хабарламада.
Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.
2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.
2019 жылы - Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.