Елімізде бензин мен дизель тағы қымбаттады

Елімізде бензин мен дизель тағы қымбаттады

Елімізде бензин мен дизель тағы қымбаттады
ашық дереккөзі
Биыл жанармай 4,7 пайызға, ал дизель отынының бағасы бірден 41,5 пайызға көтеріліп кеткен деп хабарлады turkistan.kz. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 1,6 миллион тонна жанармай шығарылған. Бұл былтырға қарағанда 4 пайызға артық. Ал осы жылы өндірілген 1,7 миллион тонна дизель отыны өткен жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға артып отыр.
"Ішкі нарықта мұнай өнімдері тапшылығының алдын алу үшін Қазақстанда автокөлікпен бензинді, дизель отынын, сондай-ақ басқа да мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды. Тыйым алты айға созылды. Кейін 2022 жылдың 21 мамырына дейін ұзартылды. Энергетика министрлігі 2022 жылдың аяғына дейін Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр", – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша бензин бағасы өткен жылға қарағанда 4,7 пайызға өскен. Ал бұған дейін екі жыл қатарынан арзандаған болатын. Жанар-жағармайдың басқа да түрлері бір жылдың ішінде: жазғы дизель отыны – 24,6 пайызға; АИ-98 бензині – 9,6 пайызға; АИ-95/96 – 9,1 пайызға; АИ-92 – 4, 2 пайызға қымбаттаған.