Матч кезінде қырғыз азаматтары Садыр Жапаровқа талап қойды (ВИДЕО)

Матч кезінде қырғыз азаматтары Садыр Жапаровқа талап қойды (ВИДЕО)

Матч кезінде қырғыз азаматтары Садыр Жапаровқа талап қойды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қырғыз елінде өткен матч кезінде футбол жанкүйерлері президенттен ойынға арналған жаңа алаң салып беруді сұрады деп хабарлады turkystan.kz. 11 маусым күні Азия Кубогы - 2023 іріктеу кезеңінде Қырғызстан мен Мьянма құрамалары матч өткізді, оны тамашалағандар арасында Садыр Жапаров болды. Ойын барысында түсірілген видеода көрермендердің мемлекет басшысы жайғасқан VIP-орындардың жанынан жаңа алаң салып беруді талап еткен дауысы естілді. Айта кетсек, Садыр Жапаров былтыр қырғыз азаматтарына  халықаралық стандарттарға сай болатын алаңды 2022 жылы салуға уәде берген.