«Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты жыр мүшәйрасының жеңімпаздары

«Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты жыр мүшәйрасының жеңімпаздары

«Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты жыр мүшәйрасының жеңімпаздары
ашық дереккөзі
Бес жұлдызды «Алматы» шипажайы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және «Алматы» шипажайының құрылғанына 50 жыл толу мерейтойы қарсаңында «Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Бүгін сайыстың қорытындысы шықты. Елімізге белгілі ақындар қазылық жасаған жыр сайысында бірінші орынды Серік Қалиев иеленді («Алматы» шипажайына 10 күндік жолдама LUX), екінші  орынға  —  Қуаныш Қолқаев, Олжас Қасым лайық деп танылды («Алматы» шипажайына 10 күндік жолдама STD). Үшінші орын Айдана Сегізбаева, Бауыржан Әлқожа, Наурызбек Саршаевқа бұйырды ( «Алматы» шипажайына 7 күндік жолдама STD). Рауан Қайдар мен Қазбек Байжұманға арнайы жүлде беріліп, ақшалай сыйлық табыс етілді. Манас Қайыртай, Аслан Тілегенов, Сайлаубай Тойлыбаев, Ұлмекен Лесбекова ынталандыру сыйлығын алды. «Мүшәйраның мақсаты —  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау, отандық туризмнің дамуына ықпал ету, «Алматы» шипажайының қол жеткізген табыстарын халыққа паш ету, дарынды ақындардың шығармашылық қабілетін ұштау болып табылады», - дейді ұйымдастырушылар.