Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге 3 млн теңгеден берілді

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге 3 млн теңгеден берілді

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге 3 млн теңгеден берілді
ашық дереккөзі
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауыр жарақаттанған 5 қызметкері және Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің әрқайсысына 3 миллион теңгеден төледі деп хабарлады turkystan.kz. Төлемдер жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан алынған ресми тізім негізінде жүзеге асырылады. Еске сала кетсек, осыған дейін «Қазақстан халқына» қоры қаза болған 19 адамның отбасы мүшелеріне 7 млн ​​теңгеден және жоғарыда аталған органдардың ауыр жарақат алған 106 қызметкеріне 3 млн теңгеден ақшалай аударым жасаған еді.