Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
ашық дереккөзі
1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде зейнетақының орташа мөлшері 105 189 теңге болды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстанда 2 миллион 246 мың зейнеткер тұрады.
«Мамырда зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 235,4 млрд теңге бөлінді, оның 71,3 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, 163,2 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.