Бейжіңдегі COVID-19-дың жаңа ошағы анықталды

Бейжіңдегі COVID-19-дың жаңа ошағы анықталды

Бейжіңдегі COVID-19-дың жаңа ошағы анықталды
ашық дереккөзі
Қытай астанасында ұзақ уақыттан кейін алғаш рет COVID-19-дың жаңа ошағы анықталды. Бұл туралы жексенбі, 12 маусымда ел үкіметінің ресми өкілі Сюй Хэцзянь мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz kapital.kz-ке сілтеме жасап.
«Чаоян ауданындағы қоғамдық орында байқалған індет қарқыны алаңдатады, Синфади базарында тіркелген жағдайға қарағанда бақылау және алдын алу қиын сияқты», - деді ол баспасөз мәслихатында.
Қоғамдық орында 166 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 145-і келушілер болса, ал 2-еуі - қызметкер және тағы 19 адам сол адамдармен байланыста болғаны анықталған. Қала әкімшілігі 13-15 маусым аралығында Чаоян ауданының тұрғындары үшін ПТР-тесттің қосымша үш кезеңін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сучжоудағы ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметіне сүйенсек, қазір Омикрон штамының жаңа мутациясы талданып, салыстырылып жатыр.

Яна РАХМАНОВА