Бейжіңдегі COVID-19-дың жаңа ошағы анықталды

Қытай астанасында ұзақ уақыттан кейін алғаш рет COVID-19-дың жаңа ошағы анықталды. Бұл туралы жексенбі, 12 маусымда ел үкіметінің ресми өкілі Сюй Хэцзянь мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz kapital.kz-ке сілтеме жасап.

«Чаоян ауданындағы қоғамдық орында байқалған індет қарқыны алаңдатады, Синфади базарында тіркелген жағдайға қарағанда бақылау және алдын алу қиын сияқты», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Қоғамдық орында 166 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 145-і келушілер болса, ал 2-еуі – қызметкер және тағы 19 адам сол адамдармен байланыста болғаны анықталған.

Қала әкімшілігі 13-15 маусым аралығында Чаоян ауданының тұрғындары үшін ПТР-тесттің қосымша үш кезеңін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Сучжоудағы ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметіне сүйенсек, қазір Омикрон штамының жаңа мутациясы талданып, салыстырылып жатыр.

Яна РАХМАНОВА

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button