Александр Бублик әлемдік рейтингіде бес саты жоғарылады

Александр Бублик әлемдік рейтингіде бес саты жоғарылады

Александр Бублик әлемдік рейтингіде бес саты жоғарылады
ашық дереккөзі
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Осылайша, Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик бірден бес сатыға көтеріліп, 37-орынға жайғасты.
Михаил Кукушкин де позициясын бес сатыға жоғарылатып 161-орынды иеленсе, Дмитрий Попко керісінше, 11 позициядан айырылып, 195-орынға түсті. Тимофей Скатов 231-орында (минус 24 позиция).
Үздік ондыққа да өзгеріс енді. Серб Новак Джокович басымдығын жоғалтып, үшінші сатыға, ресейлік Даниил Медведев бірінші, неміс теннисшісі Александр Зверев үшінші сатыдан екінші сатыға көтерілді. Испаниялық Рафаэль Надаль төртінші орнын сақтап қалды.