Жаңалықтар

Өзбекстанда қазақ ұлттық орталығының 30 жылдығы аталып өтті

ашық дереккөзі

Өзбекстанда қазақ ұлттық орталығының 30 жылдығы аталып өтті

9 - 10 маусым аралығында Өзбекстан мемлекетінде «Өзбекстан - бақытты ұлттар мекені» атты Республикалық қазақ ұлттық орталығының 30 жылдық мерейтойы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Шара Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан қазіргі күнге дейін көптеген ұлттардың бір аспан астында бейбіт, бір болып өмір сүрулеріне жағдай жасап, «этник» сөзіне лайықты дамыту мен ұлтаралық қатынастарды нығайтуда 30 жыл ішінде жасалған жұмыстармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Мерейтойға Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті құзырындағы Ұлтаралық қатынастар және шет мемлекеттермен достық байланыстары комитетінің төрағасы Рустамбек Курбанов, ҚР Өзбекстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды, Өзбекстандағы Республикалық Қазақ мәдени ортылығының басшысы Үсенов Серік, «Отандастар қоры» ҚеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы мен Өзбекстан аймағындағы барлық аудандарындағы Қазақ мәдени орталықтарының басшылары мен Өзбекстанда тұратын өзге ұлт орталықтарының өкілдері қатысты. Іс - шара барысында бірнеше маңызды кездесулер өтті. Атап айтсақ, Отандастар қоры делегациясы Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті құзырындағы Ұлтаралық қатынастар және шет мемлекеттермен достық байланыстар комитеті және Өзбекстан «VATANDOSHLAR jamoat fondi» басшылығымен кездесіп, екі жақты бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасу тақырыптары талқыланды. Қазақ мәдени орталықтың 30 жылдығына арналған іс-шара да Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттікі педагогикалық университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттерінің қатысуымен «Білім» көрмесі ұйымдастырылды. Мерейтой Ташкент қаласының «Түркістон» концерттік сарайында қазақ ұлты өкілдерінің көрнекті суретшілері, қолөнер бұйымдары және жазушылар кітаптарының көрмесі өтті. Екі күндік бағдарламаның соңында қазақстандық әншілердің қатысуымен өткен гала-концертпен аяқталды. Гала концертке еліміздің танымал халық әртісі Майра Мұхамбетжанқызы, Ж.Шанин театрының әртістері, эстрада әншілері мен Қазына би тобы, Оркестр әртістері және Опера балет театрының балет тобы шақырылып, өз өнерлерін көрсетті.