Атырауда жаңа туған нәрестені еденге түсіріп алған
Атырауда жаңа туған нәрестені еденге түсіріп алған
Атырау перинаталдық орталығында нәрестені жас босанған әйелдердің бірі еденге құлатып алды деп хабарлады turkystan.kz.
Белгілі болғандай, анасы рентгенге түсуге кеткен кезде нәресте жылаған. Палатада жатқан басқа әйел жұбату үшін оны көтермек болады. Алайда, сәбиді қолынан түсіріп алады.
«Жаңа туған сәбиге ми ишемиясы диагнозы қойылды. Оған оттегі жасанды тыныс алу аппараты арқылы беріліп жатыр. Сатурациясы – 93%. Геодинамикасы тұрақты, жүрек соғысы қалыпты. Неврологиялық симптом жоқ», - деді перинаталдық орталық директоры Қанат Ермағамбетов.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылған.
«Бұл оқиға егжей-тегжейлі тексеріледі. Қазір осы мақсатта арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Құлаған сәби компьютерлік томографияға түсірілді. Оның қорытындысы бойынша сәбидің денсаулығына қатты зақым келмеген», - деді Асхан Байдуәлиев.