Министрді айыптаған қыз дауды жалғастырмайтынын айтты

Министрді айыптаған қыз дауды жалғастырмайтынын айтты

Министрді айыптаған қыз дауды жалғастырмайтынын айтты
ашық дереккөзі
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын "жыныстық бопсалады" деп айыптаған қыз даулы мәселені жалғастырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Facebook желісіне Sholpan Ali деген қолданушы жүктеді. Видеода Еңлік Сыдықова "Феникс" фильмінің режиссерлерінің өз сөздерін жоққа шығарып, өз кінәларын мойындағандықтан, бұл істі жалғастыруға қажеттілік жоқ деп есептейтінін айтады. "Мен енді пікір білдіріп, сұхбаттар бергім келмейді", - дейді ол видеода. Осыдан кейін оның адвокаты Гүлнара Жуасбаева Сыдықованың видеосын қолдап, сөз сөйлейді. "Мен оны (Еңлік Сыдықованы) қолдаймын. Клиентімнің қалауы мен үшін заң. Егер ол қаламаса, министрдің тақырыбын талқылаудың қажеті жоқ. Режиссер өз кінәсін мойындағандықтан, мен қолдау білдіргендерден, бұл тақырыпты қозғауды қаламаған қарсыластардан бұл тақырыпты қайтадан талқыламауды сұраймын. Еңлік 24 жаста. Оның бар өмірі алда. Оның жеке, отбасылық өмірі жақсы болғанын қалаймын. Оған тек бақыт тілеймін. Ол маған мүддемді қорғаңыз деп келгенде бұл мәселемен бірінші кезекте ана ретінде, әйел ретінде қолға алған едім. Ана әрі әйел ретінде осы тақырыптың екі ай бойы Интернетте шу шығарғаны үшін кешірім сұраймын. Енді осы тақырыпты талқылауды қоюға уақыт келді (...)", - дейді адвокат видеода.