Тағы бір рэпер концертте мас күйінде өнер көрсетті

Тағы бір рэпер концертте мас күйінде өнер көрсетті

Тағы бір рэпер концертте мас күйінде өнер көрсетті
ашық дереккөзі
Ақтөбеде концерт берген Нурик Смиттің ерсі қылығы көрерменнің ашу-ызасына тиді деп хабарлады turkystan.kz. Концертте ол өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқан. Әлеуметтік желіде тараған видеодан оның мас күйде болғанын байқауға болады. Ақтөбедегі шулы концерттен кейін Нұрғиса кешірім видеосын түсіріп, қателескеніне түсіністікпен қарауға шақырды.
«Менің есімім Нұрғиса. Мен қазір Ақтөбе тұрғындарынан және барша қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Мен сахнаға ішімдік ішіп алып шыққаным үшін және сахнаға шығып балағат сөздер айтқаным үшін, өзімді дұрыс ұстамағаным үшін кешірім сұраймын. Мұндай іс екінші қайталанбайды, сіздерге сөз беремін. Бәріміз пендеміз, бәріміз қателесеміз, бәріміз қателесіп өсеміз. Көп-көп рақмет», – деді рэпер.